New

Адамның кейбір кездері

Picket creator
Kazakhstan, Pavlodar Region, БаянауылEndless
Quickly join the picket via Telegram
Description

Адамның кейбір кездері

Көңілде алаң басылса;

Тәңірінің берген өнері

Көк бұлыттан ашылса.


Сылдырлап өңкей келісім

Тас бұлақтың суындай,

Кірлеген жүрек өз ішін

Тұра алмас әсте жуынбай.


Тәңірінің күні жарқырап,

Ұйқыдан көңіл ашар көз.

Қуатты ойдан бас құрап,

Еркеленіп шығар сөз.


Сонда ақын белін буынып,

Алды-артына қаранар.

Дүние кірін жуынып,

Көрініп ойға сөз салар.


Қыранша қарап қырымға,

Мұң мен зарды қолға алар.

Кектеніп надан, зұлымға,

Шиыршық атар, толғанар.


Әділет пен ақылға

Сынатып көрген-білгенін,

Білдірсе алыс, жақынға

Солардың сөйле дегенін.


Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сыя, ащы тіл

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек көрсеңдер, өзің біл.


Мына өлеңге байланысты 10 сұраққа жауап беріңіз:

Өлең не туралы?

Кім жазған?

Қай жылы шыққан?

Қанша шумақтан құралған?

Қанша тармақ бар?

Бұл Абайдың қандай туындысы болып саналады?

Бұл өлеңде Абай нені баяндаған?

Абайдың осыған ұқсас қандай өлеңдері бар?

Абайдың осы өлеңіне ұқсас Пушкиннің қандай өлеңі бар?

Бұл өлеңнің нешінші тармағы Пушкиннің өлеңімен сәйкес келеді?

Events

Slogans